Сервис орталығы - Iskracom
«ISKRACOM» (ИСКРАКОМ) ЖШС Қазақстан Республикасы аумағында және Орталық Азия елдеріне ISKRATEL барлық өнімдері бойынша 24/7 тәртібінде техникалық қолдау көрсетеді.

Сервис орталығының мамандары ISKRATEL жүйелерін монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету, әкімшілік ету және олардың апаттық жағдайлары мен ақауларын жою бойынша білім алу үшін тұрақты түрде Дайындаушы зауытқа барып оқиды. 


Техникалық көмек, алшақтан қол жеткізудің көмегімен, сондай-ақ мамандардың Тапсырыс берушіге баруы арқылы көрсетіледі.

Сервис Орталығы, істен шыққан жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру қызметін көрсетеді, сондай-ақ жөндеу барысында жүйелердің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру және оларды тез арада ауыстыру үшін толымдаушылардың қажетті босалқы қоры қамтылған Қоймаға ие болып табылады.